Ақтауда жолбарыспен серуендеп жүрген ер адам тұрғындарды шошытты
Ақтауда ер адам теңіз жағалауында жолбарыстың күшігімен серуендеді. Тұрғандар осы сәтті видеоға түсіріп жариялады.

Видео желі қолданушыларын таңғалдырды. Кадрда ер адамның итпен және жолбарыстың баласымен серуендеп жүргені көрсетілген, деп хабарлайды 24 хабар.
Екі жануар да қарғыбаумен, бірақ тұмылдырығы жоқ. Табиғатты қорғау инспекция қызметкерлері видео кейіпкерін тапты. Төрт айлық жолбарыс Мәскеудің цирк труппа құрамының жануары екені белгілі болды. Ол карантинге байланысты қалада қалуға мәжбүр болған.
Полиция экзотикалық жануармен серуендегені үшін жаттықтырушыны жазаламайды. Ер адамға ауызша ескерту жасалып, төтенше жағдай кезінде ережелер бойынша түсіндіру жұмысы жүргізілді.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған