Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Алматыдағыдай апат қайталанар еді": Ақтауда жолаушы автобус жүргізушісіне себепсіз шабуылдап бетінен ұрған (Видео)

Ақтауда жолаушы қоғамдық көлік жүргізушісіне себепсіз шабуылдап, соққы жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі lada порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото видеодан скринделген

Оқиға 7 шілдеде №2 автобуста болған. Жолаушының іс әрекеті орнатылған бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Кадрларда кондуктор автобус жүргізушісіне бара жатқан ашулы адамды тоқтатуға тырысып жатқанын көруге болады. Алайда ол үлгермей нәтижесінде жүргізуші бетінен себепсіз соққы алған.

№2 автобус маршрутының иесі Руслан Ахметнәбиев салдарынан жүргізушінің Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасына медициналық көмекке жүгінуге мәжбүр болғанын жеткізді. 



“Полиция қызметкерлері мән-жайды тексеру үшін келуі керек. Жолаушы салонда дөрекі сөздер айтып, кондуктор оған ескерту жасаған. Алайда алдымен кондуктормен жанжалдасып, кейін жүргізушіге еш себепсіз тап беріп, оны ұрды. Камерада біз жүргізушінің бұл адамға ешқандай ескерту жасамағанын көрдік. Қайта бұл оқиға аялдамада тоқтап тұрған кезде болған. Әйтпесе дәл Алматыдағы қайғылы жағдай қайталануы мүмкін еді. Меніңше, мұндай фактілерді қатаң түрде тоқтату керек. Бұл әзіл емес”, – деп түсіндірді Руслан Ахметнәбиев.

 

Талқылау