Ақтауда жағажайда жүзіп жүрген қыздарға итбалық шабуылдаған
Ақтауда 14-ші шағын ауданда балалар суға түсіп жатқан жағалауға жақын жерде кішкентай итбалық балаларға шабуыл жасап, қыздардың бірінің қолынан, екіншісінің иығы мен арқасынан тістеп алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарата агенттігі Лада порталына сілтеме жасап.
“Біз тіпті итбалықтардың сол жерде бар екенін де білмедік.Олар қыздарға шабуылдады”,- деді зардарп шеккен 12 жастағы қыздың анасы Елена.
Еленаның айтуынша қызының жанында 11 жастағы құрбысы да болған. Итбалықтар бірінің қолын, екіншісінің арқасы мен иығын тістеген.
Елена сол күні қыздардың қатты шошынғандарын айтады. Оқиға кезінде жағадағы үлкендер еш көмек көрсетпеген. Тек Еленаға қызы хабарласып, болған жағдайды айтқан. Бірден жағалауға барған Елена екі қызды да дереу ауруханаға жеткізіп жарақаттарын таңдырған.
Енді 16 қыркүйекке дейін екі қызға да екпе салынатын болады.
“Қыздар сумен ойнаған кезде итбалық оларға жақын жерде жүзіп, мұны өздеріне қарсы агрресия ретінде сезінсе керек. Негізінде итбалықтар адамдарға өздігінен шабуыл жасамайды. Бала кезімізде біз де олардан жарты метр қашықтықта ойнап жүріп, өстік. Қазір су жылы болғандықтан олар көбіне жағаға қарай жүзеді”,- деп қосты Елена.
Елена сонымен қатар Төтенше жағдайлар департаментінен 14-ші шағын ауданның жағалауына құтқарушыларды қоюды сұрады.