Ақтауда жағажайда әйел демалушылардың көзінше дәрет сындырған
Ақтауда ықшам ауданындардың бірінде жағажайда жергілікті тұрғын дәрет сындырған. Оны полиция қызметі тауып, қылмыстық жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Лада басылымына сілтеме жасап.

Оқиға 27 шілде күні кешкі уақытта болған. Видео әлеуметтік желіде тарап кетті. Кадрда әйелдің ондаған демалушылардың алдында дәрет сындырғанын, одан кейін танысымен әңгімені түк болмағандай жалғастырғаны көрінеді.
Заң бұзған 49 жастағы әйел болып шыққан. Оған 10 АЕК, яғни 30 630 теңге айыппұл салынды.
- Ресейлік әйел Қазақстан курортының Түркиядағы жағажайдың орнын басатынын айтты
- Павлодарда мас әйел жағажайда ескерту жасаған тұрғынды пышақтап тастаған
"Полиция қызметкерлері әйелдің кім екенін анықтап, ҚР ӘҚБтК-нің 434-2-бабы ("Қоғамдық орындарды ластау") бойынша әкімшілік хаттама толтырды", – деп хабарлады Маңғыстау облысының полиция департаменті.
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”