Ақтауда тұрғын үйдің оныншы қабатының терезе жақтауында жүгіріп ойнаған балалардың видеосы тарады
Ақтауда 32Б ықшамауданында орналасқан "Атакент" тұрғын үй кешенінің оныншы қабатында терезесінен шығып жақтауда ойнап жүрген үш баланың видеосы тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Лада порталына сілтеме жасап.

Видеода балалардың көп қабатты үйдің ең жоғарғы бөлігінде бір терезеден шығып, қабырғадан ұстап, жақтау арқылы екіншісіне кіріп ойнап жүргендері көрінеді.
“Шаруаларымызбен жүріп, биік қабаттың жақтауында ойнап жүрген балаларды көрдік. Қатты қорықтық. Біз олардың үйлеріне кіруін айтып, айқайладық. Олар алдымен сөзімізді тыңдап, ішке кірді, бірақ кейін қайтадан шығып алды. Менің де балаларым бар, сондықтан олар үшін қатты уайымдадым. Олар пәтерлеріне кіргенше сол жерден кетпей тұрдым ", – деді куәгерлердің бірі.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі