Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда студент 7-қабаттан құлай жаздаған екі жасар баланы құтқарып қалды

Алматыда “Алтынбұлақ” тұрғын үй кешенінің 7-қабатындағы өрт сөндіру сатысының қоршауында тұрып қалған екі жасар баланы студент құтқарып қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Бала құлап кеткен жағдайда жерден жұмсақ затпен қағып алу үшін кіреберістің қалқасына шығуды өтіндім. Бір жас жігіт айтқанымды тыңдап, дереу көмекке ұмтылды. Бар күшін салып, терезе торында ілулі тұрған кішкентай баланы соңғы сәтте аман алып қалып, анасына тапсырды", - дейді оқиға куәгері Ермекбай Тамабаев.

Оқиға "Алтынбұлақ" тұрғын үй кешенінде болғаны хабарланды. Ер адам баланың 7-қабаттағы өрт сөндіру сатысының қоршауында тұрып қалғанын көрген.



"Басы темір тордың арасына кептеліп, денесі мен қолдары ауада салбырап тұрды. Оның төменге құлап кетуі мүмкін еді", - деді Тамабаев.

Құтқарушы Абай атындағы педагогикалық университеттің дене шынықтыру факультетінің 19 жастағы студенті Махмұд Ерасыл екені атап өтілді.

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы марапаттау туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне ұсыныс енгізді.

Талқылау