Жат ағым өкілдері ақтаулық азаматтың пәтерін иемденіп алмақ болған
Ақтауда деструктивті ағым өкілдері ақша бопсалап, бөтеннің пәтерін иемденіп алмақ болған. Олар алдын ала келісіммен топ болып жұмыс істеген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап.

Ұйымдасқан топ үш бөлмелі пәтерді еркінен тыс өз аттарына рәсімдеп, зардап шеккен азаматқа 20 миллион теңге шығын келтірген.
"Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 194-бабы, 3-бөлігі "Бопсалау" бойынша тіркелді. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде төрт күдікті ұсталды", – делінген хабарламада.
Олардың барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Қазақстанда үйді міндетті сақтандыру қалай жұмыс істейді: Жылына қанша төлеп, апат болса қанша ақша алуға болады
Жоба әуелі үш өңірде сынақтан өткізіліп, кейін 16 өңірге енгізілмек
Астанада параспортшылар федерация басшысына жалақысының бір бөлігін беруге мәжбүр болғанын айтты
Федерация басшысына "Алаяқтық" бабымен іс қозғалған