Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда мектеп күзетшісі бала зорламақ болған

Ақтаудағы 10 мектептің күзетшісі бала зорламақ болды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Lada.kz

Мектептің ата-аналары күзетшіні бала зорламақ болды деп айыптап отыр. Таратылған аудиохабарламада демалыс күндері мектептің ауласында кәмелетке толмаған қыздардың ойнап жүргені айтылған. Олардың бірін оқу орнының күзетшісі подъезге шақырыпты. Содан кейін ол қызды күзет үстелінің артына апарып, оған тиісе бастаған. Бала қашып құтылыпты.

"Бұл сұмдық біздің мектепте болған. 52-53 жастағы ер адам мектептің кіре берісінде отырған. Қызды күзет бөлмесіне кіргізген. Баланың қалай құтылғаны белгісіз. Камера тұрса да, осылай істеген. Қызға тисіп, зорламақ болған”, – делінген ақпаратта.

Белгілі болғандай, зардап шеккен қыздың анасы полицияға арыз түсірген. Бұл фактіні мектептің өзі растап, оқиға жексенбі, 12 мамырда болғанын хабарлады. Күзетші дереу қамауға алынды. Оның бұл әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Облыстық полиция департаменті күдіктінің ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынғанын хабарлады.

"Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Басқа ақпарат тергеу мүддесі үшін жарияланбайды", – деп жауап берді департамент.

Еске салайық, Түркістан облысында жасөспірім кәмелет жасына толмаған қызды зорлады деген ақпарат тараған еді. Аталған даулы оқиға болған Төлеби ауданы, Зағамбар ауылы бірнеше күннен бері тыншымай тұр.

Талқылау