Ақтауда көз жұмған 1 жасар бала: Оқиға жайлы жаңа деректер анықталды
Ақтауда жекеменшік балабақшада көз жұмған бір жасар баланың өлімі жайлы жаңа деректер анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қалалық білім беру бөлімінің қызметкерлері оқиға жекеменшік үйде болғандығын жеткізді. Сөздерінше, үйдің иесі бала күтушісі ретінде қызмет көрсетіп отырған, ал оның үйі ешқандай балабақша ретінде тіркелмеген.
Қайғылы оқиға болған 6 желтоқсан күні әйелдің қарауында көз жұмған бүлдіршінмен бірге тағы да екі бала болыпты.
"Азаматша 5 баласымен және күйеуімен бірге үш бөлмелі үйде тұрады. Оның үйі біздің бөлімде жеке балабақша ретінде тіркелмеген. Әйел басқалардың өтініші бойынша бала күтумен айналысқан", -деп хабарлады қалалық білім бөлімінің қызметкерлері.
Қала тұрғындарының сөздерінше, әйелге қарсы ешкім шағымданбапты, бұған дейін ол жақсы көрші ретінде танылыпты.
Бұған дейін Ақтауда балабақшада 1 жасар бала көз жұмғандығы айтылған еді.
Қазақстандық компания қазақ тілінде баяндама жасаған қызметкерді жұмыстан қуды деп айыпталды
Қызметкердің жұбайы жұмыс берушіден түсініктеме талап етті
"Қолынан сүйіп, денесін ұстаған": Алматыда 15 жастағы қыз такси жүргізушісінің әрекетінен шошып қалған
Қыздың адвокаты істі қылмыстық тұрғыда тексеруді сұрады