Денесі әлі табылған жоқ: Ақтауда колледж студенті TikTok түсірем деп суға батып кетті
Ақтауда жас жігіт суға батып кетті. Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 18 жастағы жігіт – Бейнеу ауданының тумасы, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға бүгін сағат 16:20-да 15-ші шағын ауданда Самал-2 ықшамауданына қарама-қарсы жерде болды.
"Үш жас жігіт TikTok үшін қауіпті жерде видео түсіріп алған. Жігіттер пирстен суға секірген, олардың бірі шыға алмай, суға батып кеткені белгілі болды. Мәйітті екі сүңгуір мен 15 құтқарушы іздеп жатыр", – деп хабарлайды Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаменті.
Жас жігіт – Маңғыстау өнер колледжінің 1-курс студенті. 3Б шағын ауданындағы жатақханада тұрған.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған