Ақтауда көлік қағу салдарынан екі аяғы да сынған әйел ауруханаға жатудан бас тартты
Ақтауда жаяу жүргіншілер өткелінде көлік әйелді қағып кетті. Оқыс оқиғаны патрульдік полиция батальонының қызметкерлері байқап қалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оқиға сенбіде түс ауа 13 және 14-шағынаудандар арасындағы тасжолда, "Кораблик" бизнес орталығына қарама-қарсы жерде болған.
1967 жылы туған жәбірленуші облыстық аурухананың жедел жәрдем бөліміне жеткізілген. Дәрігерлердің айтуынша, әйелге екі аяғының ығыспай сыну диагнозы қойылған. Науқас ауруханаға жатудан бас тартқан, сондықтан оған гипс салынып, үйіне жіберілгені айтылды.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған