Ақтауда кәмелетке толмағандар жаппай төбелес шығарды (видео)
Ақтауда кәмелетке толмаған 15 жасөспірім арасында төбелес болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Полицейлердің мәліметінше, 2023 жылдың 8 қыркүйегінде сағат 23.08-де 102 нөміріне 27-ші шағын ауданда 15 кәмелетке толмағандар арасында төбелес болып жатқаны туралы қоңырау түскен. Қоңырауға патрульдік полиция жасақтары жауап берді.
"Аталған факті бойынша 20 кәмелетке толмаған жасөспірім анықталып, Ақтау қаласының полиция бөліміне жеткізілді. Заңды өкілдеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің "Кәмелетке толмағандар жасаған бұзақылық", "Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз үйден тыс жерде болуы" баптары бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды", - деп хабарлады Маңғыстау облысының полиция департаменті.
Қатысушылармен профилактикалық әңгіме жүргізілгені атап өтілді.
"Адамдар келсе айт, жылауға дайындалайық": Қазақстандықтар жаназа кезінде бастан кешірген жағымсыз жайттары туралы баяндады
Желі қолданушысы: "Қазақтың жерлеу рәсімін жек көремін"
Не себепті Қазақстанда туу көрсеткіші Ресейден жоғары? Сарапшылар мұның пайдасы мен зиянын айтып берді
Демограф: “Жастар арасында child free ұстанымына бет бұру үрдісі бар”