Ақтауда эпилепсиямен ауыратын кішкентай қызды зорлаған педофил 22 жылға сотталды
Ақтауда эпилепсиямен ауыратын кішкентай қызды зорлаған ер адам 22 жылға сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Немолчи” қоры педофилдің сотталғанын мәлімдеді. Мәлімдеуінше, сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде қыздың талмасы ұстап, оны жедел жәрдем көлігі алып кеткен. Ал сот тергеуі кезінде қыздың анасы ауруханаға түскен.
“Қыздың тәтесі күресуден тайынбады. Қыздың ар-намысын қорғап, адвокаттардың арандатуына төтеп берді”, – деп жазды қор.
Олар адвокаттың бұрын сотталғанын да атап өтті.
Жәбірленуші қыздың мүгедектігі бар, эпилепсиямен невропатологта есепте тұр.
Ал педофил – 5 баланың әкесі. Тергеу шаралары жүргізіліп, оның кінәсі биоматериалдармен толық дәлелденді.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды