Ақтауда 12 жастағы баланы жаяу жүргіншілер өткелінде көлік қағып кетті
Ақтауда көлік жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінде 12 жастағы баланы қағып кетті. Бала бас жарақатын алып, ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бала ашық бас сүйек-ми жарақатын алған. Сонымен қатар самай сүйегі сынып, эпидуралдық қанталау, ми жарақаты анықталған. Ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген балаға дәрігерлер тез арада ота жасады. Ота 1 сағат 20 минутқа созылған.
Мамандар бас сүйегін тесу арқылы эпударалдық қанталауды алып тастаған. Қазір бала комада. Өкпені жасанды желдету құрылғысына қосылған.
Айта кетейік, бұған дейін Алматы маңындағы Құлжа тасжолында жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып кеткенін хабарлаған едік. Кейін көлік жол жиегіндегі ағашқа соғылған.
"Жүрегіне салынған имплант түсіп кеткен": Алматыда сәтсіз отаның кесірінен 20 жастағы жігіт жансақтау бөліміне түскен
Науқас жансақтау бөліміне түсіп қалған
Таиландқа демалуға барған қазақстандық әйел босанып қалған: Баласының еміне күніне 740 мың теңге қажет
Назира: Дәрігерлер өмірінің алғашқы күндерінен бастап инфекция бар екенін растады