Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде оқушы қыз еріген қардың суына батып кете жаздады

Ақтөбеде бірқатар аумақта ауқымды су тасқыны басталды. Соның салдарынан оқушы қыз қар суына батып кете жаздады, деп хабарлайды “Диапазон” басылымына сілтеме беріп Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға "Батыс-2" шағын ауданында "Арбат" тұрғын үй кешенінің маңында болды. Қолында сөмкесі бар жеткіншек жаяу жүргіншілер жолымен келе жатып, суға толған арықтың шетімен жүрмекші болып, оған құлап кеткен.

Жеткіншек суға батып, ары қарай ағын су оны тартып әкеткен. Қуанышқа орай, "Энерджи Джим" фитнес клубының қызметкерлері оған көмекке келіп үлгерген. Олар қызды мұздай судан әрең шығарған. Оқиға бейнекамераға түсіп қалған. Баланы құтқару сәті түсірілген кадрлар көпшілікті таңғалдырды.

Оқиға болған күні кешке Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин мен Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаров қаланың су басқан аймақтарына келді.

Белгілі болғандай, Оразалин мұндай жағдайға жол бергені үшін Шахаровты сөккен.

Шахаров өз кезегінде бұл қардың суы емес даланың суы екенін айтты.

"Сендер маған айттыңдар, проблема болмайды дедіңдер. Қараптан-қарап осы болды. Қар шығарып жатырмын дедіңдер. Сендер қызықсыңдар. Осы дүниенің бәрінде балаларды ойламаған екенсіңдер. Біздің ауылдың сулары бір сәтте даланы алып кетеді. Бұл мәселе реттелмесе, менен жақсылық күтпеңдер. Өткен сапарда бәрі дұрыс болады деп айттыңдар. Енді не болды? Шығарған қарларың осы ма? Халыққа бәрібір, даланың суы ма, қаланың суы ма..”, – дейді Оңдасын Оразалин.

Талқылау