Ақтау тұрғыны сүйіктісіне ерекше ұсыныс жасап, "жоқ" деген жауап алды
Ақтау тұрғыны Каспий жағалауындағы ашық аспан астындағы кинотеатрда сүйіктісіне ерекше ұсыныс жасады. Бірақ бойжеткен неке жүзігін алудан бас тартты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Лада” порталына сілтеме жасап.
Жігіт кинотеатрмен алдын ала келіскен. Фильм аяқталған соң экранға бойжеткеннің суреттері шықты. Өзге келушілер романтикалық сәтке куә болған.
"Экранда қыздың фотолары пайда болды. Әдемі музыкамен видео көрсетілді. Кейін экран бұрышынан фейерверк басталды. Бұдан соң жігіт сүйіктісін шақырып, бір шоқ гүл тарту етті", – деді қала тұрғыны Гавриил Кулеш.
Алайда мұның бәріне қарамастан, бойжеткен "жоқ" деп жауап берді.
"Олар екеуі бір нәрсені талқылады. Кейін жігіт сүйіктісі келіспегенін айтты", – дейді Гавриил Кулеш.
Желіде тараған видеода адамдар жігітке қолдау көрсетіп жатқаны естіледі.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр