Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтау әуежайында 300-ге жуық есірткі контейнерін жұтып қойған екі шетелдік ұсталды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті "жұтқыштар" деп аталатындардың Қазақстанға есірткі жеткізу контрабандалық арнасының жолын кесті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Кнб есиртки

Ақпаратқа қарағанда, 24 қаңтарда ҰҚК Ақтау қаласының халықаралық әуежайында ҰҚК Маңғыстау облысы бойынша департаментінің жедел қызметкерлері мен шекарашылар есірткі тасымалдады деген күдікпен екі шетелдік азаматты ұстаған.

“Осы жолаушылардың іш қуысына рентгеноскопиялық зерттеу бөгде заттардың бар екенін көрсетті. Арнайы медициналық тәсілдермен шетелдіктердің асқазандарынан апиын тобының есірткісінен тұратын 295 контейнер шығарылды. Алынған заттардың жалпы салмағы 2 келі”, – делінген мәліметте.



Сот шешімімен фигуранттарға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалғаны айтылады.

“Қылмыстық кодекстің 286-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр”, – деп қосты ҰҚК.

Бұған дейін ұлттық қауіпсіздік комитеті Қарағанды облысында есірткі өндірілген заңсыз зертхананы анықтағаны белгілі болған.

Талқылау