Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақшасын ала алмаған Ақбота той иесімен жанжалдасып қала жаздады (видео)

Желіде Ақбота Керімбекованың той иесінен ақшасын ала алмай тұрған сәті таспаланған видео пайда болды.

13269467_1553226018311788_1715847099_n

Фото: instagram.com/botakerim/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

2017 жылдың 7 наурызында Youtube желісіндегі «Қазақстан шоу» каналы Ақбота Керімбекова таспаланған видеоны бөлісті. Аталған видеода ол той иесінен өзіне тиесілі гонорарды сұрайды. Алайда той иесі оған ақшаны кейінірек беретінін айтады.

«Мен берем десем, өз сөзімде тұрамын. Мен сенімен осы күнге дейін Whats Аpp желісінде жазыстым, яғни беремін. Мен ақшаңды бермей жатсам айт. Қайда қайтасың? Той бітсін, шырағым! Сенімен осы жердегі ел-жұрт суретке түссін. Сенің кім екеніңді көрсін», – дейді той иесі.

Әнші өз кезегінде барлығымен суретке түсіп болып, ендігеде үйге қайтқысы келгенін айтады. Әзірге той иесінің Ақбота Керімбековаға тиесілі гонорарын беріп-бермегені белгісіз. Десе де, желі қолданушылары видеоны түсірген азаматтардың әрекетін намыссыздыққа балады.

«Ақшасын бере алмасаң, неге шақырасың? Қыз баланы мазақ қылып отыр ғой. Осыдан кейін өзін қалай ғана қазақ деп атайды екен», «Иә, дұрыс айтасың. Кім болса да, хайуанмен тең екен», «Еркектің бәрі жігіт емес деген сөзді естіп едім. Дәл осындай мақұлықтар жайлы айтқан болар», «Ақбота, неге мына автордың үстінен полицияға арыз жазып, видеоны желіден алдырмайсыз?», – дейді олар.


Жіберіп алмаңыз:

Димаш танымал Beauty Secret брендінің ресми өкілі атанды (видео)

Димаш Құдайберген 9-кезеңде әйгілі Селин Дионның әнін орындайды (видео)

Қытайда жүрген Димаш елдегі анасының құшағын гүлге толтырды

Тыңдармандар әнші Әдемінің ұятты жерінің көрініп қалғанын айтып сынады

Талқылау