Ақшасын Ресей әскеріне аударады: Қазақстандықтар Пресняковтың елімізде концерт өткізуіне қарсы шықты
Қазақстандықтар Ресейдің Украинаға қарсы соғысын қолдайтын ресейлік әнші Владимир Пресняковтың концерттеріне тыйым салуды талап етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Риа Новости
Келесі айда Владимир Пресняков Қазақстанға келуді жоспарлап отыр.
Ресейлік әншінің концерттері 15 наурызда Астанада және 16 наурыз күні Алматыда өтуі тиіс еді. Билет бағасы 15 мың теңгеден басталып, 60 мыңға дейін барады.
2022 жылы Пресняков Ресейдің Украинаға басып кіргенін қолдап, концерттен түскен қаражатын Ресей әскеріне беретінін мәлімдеген.
Былтыр ол ресейлік басқыншылар мен Ресей Федерациясының Украинаға қарсы сұрапыл соғысын қолдап концерттер ұйымдастырғандықтан Украинаның санкция тізіміне енгізілді.
"Ол адекватты адам сияқты көрінді. Владимир Пресняков 15 наурызда Қазақстанға келуді жоспарлап отыр. Ол Ресейдің Украинаға қарсы соғысын қолдап, тапқан ақшасын сонда аударуда. Оның концерттеріне билет сатып алмаңыз – бейбіт тұрғындардың өліміне демеуші болмаңыз", - деп жазды блогер Аида Жексенова.
Ал желі қолданушыларының блогердің қарсылығына қатысты пікірі екіге бөлінді.
“Ресей тұрғындарының 80% -ы үгіт-насихатпен айналысады. Олар теледидардағы жеккөрушілік форматындағы шоуларды сынсыз қабылдайды. Ал қалған 20% сыни ойлайтын және соғысқа қарсы тұрғындар. Елді өзгерту үшін бұл жеткіліксіз”, “Оның ақшаны соғысқа аударатынын қайдан білдіңіз? Сіздікі арандатушылық болуы мүмкін. Адамдар әншінің жұмысынан ләззат алсын. Сіздің лас саясатыңыз өнердің сыртында қалуы тиіс!”, “Қазақтары Пресняковқа қарсы. Ал БАӘ-нің барлық шейхтері ұлтаралық араздықты қоздырып, Ресей мен БАӘ арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасты бұзды деп Маским Галкин мен Верка Сердучкаға әмірліктер сахнасында өнер көрсетуге тыйым салды. Жергілікті қазақтар тобы ресейлік әнші Владимир Пресняковтің Қазақстандағы концерттерін тоқтатуды талап етіп отыр”, – деді желі қолданушылары.
Бұған дейін Григорий Лепстің Конаевта жоспарланған концерті қазақстандықтардың сынынан кейін өтпей қалған еді.
Сонымен қатар Украинадағы соғысты ашық қолдағаны үшін сынға қалған "Камызяки" КВН тобының Қазақстандағы концерті өткен жоқ.