Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тина, жарайсың": Әлеуметтік желіде "Тина Канделаки мен Нұрлан Сабыровтың әңгімесі" жазылған аудиожазба тарады

Интернет желісінде атышулы ресейлік тележүргізуші Тина Канделаки мен қазақстандық әзілкеш Нұрлан Сабыровтың телефон арқылы тілдесуі болуы мүмкін аудиожазба тарап жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

сабуров

Әңгімеден түсінгеніміз, Канделаки тілге қатысты дау-дамайда Сабыровтан көмек сұраған. 

К: Сен белгілі бір тақырыпта өнер көрсетуге бекітілдің. Тақырыбын саған айтады. Қысқаша айтсам, ол Қазақстан үкіметімен арадағы жағдайға байланысты. Естіп жатқан шығарсың?

С: Тілді ығыстыру туралы мәлімдеме, дұрыс түсініп тұрмын ба?

К: Қазақстан үкіметі маған ойлап тапқан салдарын айтып отырмын. 

С: Мен не істеуім керек, түсініп тұрған жоқпын. 

К: Ақымақ бола қалмашы! Бәрін жақсы түсініп тұрсың! 

С: Тина, тыңдаңызшы, менің жұмыс кестемде бос уақыт жоқ.

К: Мен жоғары шенді адамдардан рұқсат алдым. Енді мен, яғни бәріміз қарсы бірдеңе ойлап табуымыз керек, түсініп тұрсың ба?

С: Жағдайды түсініп тұрмын, бірақ оған менің қатысым қанша?

К: Әзіл арқылы жеткізгің келе ме әлде басқа жанрда ма, бірақ интернетте сенің пікірің тарау керек. Мен және Ресей үшін жақсы мағынада болу керек екенін ұмытпа. 

С: Тина, мен келіспеймін. 

К: Мені түсінбедің, сен осылай істейсің! 

С: Мен дұрыс түсініп тұрмын ба, сен маған... 

К: Мені тыңда, сен және сен сияқтылар не Ресеймен бірге боласыңдар, не борттың сыртында қаласыңдар, осыны түсінулерің керек. Саған ойлануға уақыт беремін, Нұрлан, уақытың бар. 

С: Қайталап айтамын, маған оның қажеті жоқ. 

К: Сенде амал жоқ екенін түсінуің керек, бәрің осыған келістіңдер, сен ғана көнбей отырсың. 

С: Маған бәрібір, неге екенін білесіз бе? Себебі мұны істеуге міндетті емеспін. Мені мәжбүрлей алмайсыз. 

К: Өз парақшаңа "Тина дұрыс түсіндірді", "Тина нақты айтты", "Тина, жарайсың" деген бір қысқаша видео ғана саласың. 

С: Тина, мен келіспеймін. 

К: Болды, мен саған мүмкіндік беремін, ойлан, Нұрлан. 

С: Маған мүмкіндік керек емес, мен ойландым. Ұсынысыңыз үшін рақмет, осымен бітті, жұмысым бар. 



Бұған дейін ресейлік журналист Тина Канделаки Telegram-арнасына жазба жариялап, “Қазақстан орыс тілін мемлекеттік деңгейде ығыстырып жатыр" деп айыптаған еді. 

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Канделакиға Қазақстанға кіруге рұқсат етілмейтінін айтты. 

"Біреуді ұнатпасаң үйіңе кіргізбейсің. Біз де солай істейміз. Қажет болса, шара қолданылады. Бүгін-ертең жасамады деп ренжімеңіздер. Мемлекет мұны ешқашан кешірмейді. Ол Қазақстанға келмейді, келсе де кірмейді", – деді СІМ өкілі АйбекСмадияров.

Талқылау
Пікір
Nura
05 Ақп, 24 жыл - 14:40

Қотағымды жеме деп неге айтпайсың Нұрлан

Nura
05 Ақп, 24 жыл - 14:39