"Ақшаға шешуге болады": Бас прокуратура Маңғыстаудағы құқық қорғау қызметкерлерінің аудиожазбасын тексеруге кірісті
Қазақстанның бас прокуратурасы желіде таралып кеткен полицейлердің аудиожазбасын тексеруге кірісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тексеру шарасының басталуына Ербол Еділовтың Telegram арнасында пайда болған аудиожазба себеп болыпты. Жазбаға сәйкес, әңгіме Маңғыстаудағы полиция және прокуратура қызметкерлерінің арасында болған. Құқық қорғаушылардың әңгімелерінде полицейдің жұмыстан шығып қалып, прокуратура қызметкерінен көмек сұрап жатқаны аңғарылады. Өз кезегінде прокурор бұл мәселені ақшамен шешуге болатынын айтады.
"Әлеуметтік желілерде Маңғыстау облысында прокуратура мен полиция қызметкерлерінің әңгімесі таралуда. Аталған оқиға бойынша бас прокуратураның ішкі істер тергеу департаменті тергеуді бастады. Аудиожазба тексеріліп, ондағы тұлғалар анықталуда. Тергеудің нәтижелері жарияланатын болады", -делінген ресми хабарламада.
Шетелдіктер елімізде тұру үшін тапсыратын қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: Ыхтиярхат ала алар ма едіңіз, тексеріп көріңіз
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
Темірден жасалған киіз үйлердің құны 200 мың теңгеден басталып, 750 мың теңгеге дейін барады