Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ Түркияға қарсы санкция енгізді

АҚШ Түркияға ресейлік С-400 әуе қорғаныс жүйелерін сатып алғаны үшін санкция енгізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Анкараның ресейлік "Рособоронэкспортпен" "С-400 зымыран-зениттік кешендерін сатып алу жөніндегі" ынтымақтастығы үшін Түркияға қарсы санкциялар енгізіліп жатқанын айтты.

Өз кезегінде Түркия қорғаныс өнеркәсібі хатшылығының басшысы Исмаил Демир АҚШ-тың Түркияға қарсы санкциялары қорғаныс саласына зиян тигізбейтінін мәлімдеді.

"Біз президент Тайып Ердоғанның басшылығымен толықтай тәуелсіз қорғаныс өнеркәсібін құру мақсатына ұмтыламыз. Шетелде жеке маған немесе біздің бөлімге қарсы қабылданған шешім менің позициямды, командамыздың позициясын өзгертпейді және қорғаныс өнеркәсібімізге ешқандай кедергі келтірмейді", - деп жазды Демир Twitter-де.

Еске салайық, Түркияның АҚШ-пен қарым-қатынасында дау тудырған соңғы ресейлік С-400 әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерін жеткізу 2019 жылғы шілде айының ортасында басталды. Вашингтон мәміледен бас тартуды және оның орнына америкалық  Patriot кешендерін сатып алуды талап етіп, Түркияға соңғы F-35 ұшақтарын сатуды кейінге қалдыратынын немесе мүлде сатпайтынын хабарлады. Сондай-ақ АҚШ CAATSA ("Американың қарсыластарына санкциялар арқылы қарсы тұру туралы" заңға) сәйкес санкциялар салатынын ескертті.

Анкара бұл ұсыныстан бас тартты және С-400 қосымша партиясы туралы келіссөздерді жалғастырды.

Талқылау