Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та қарындасын қорғамақ болған 8 жасар баланы балғамен аяусыз ұрып өлтірді

АҚШ-та тұратын 8 жастағы Данте Дэниелс анасының бұрынғы жігітінің шабуылынан соң алты күннен қайтыс болды. Ол басынан ауыр жарақат алған.

Әжесінің айтуынша балақай жеті жастағы Даная есімді қарындасын жыныстық зорлықтан арашалап қалмақшы болыпты. Бірақ, ер адам баланың басынан балғамен аяусыз ұрған.

Сол күні кешке балалар бөлме ішінде ойнап жүрген кезде, үйге ер адам кіріп келеді. Ол Элизабетаны сол жақ көзінен ұрып, сосын кішкентай қызға тиісе бастайды. Бұған шыдамаған Данте қарындасына көмекке ұмтылады. Бірақ, осы әрекеті арқылы ол өз өмірін қиды.

Бала қайтыс болғаннан кейін оның ішкі органдары өзге мұқтаж балаларға берілген.

Оқи отырыңыз:

Стив Джобстың қолтаңбасы 15 мың долларға сатылымға шығарылды

БАӘ-де әлемдегі ең салмағы ауыр әйел көз жұмды

Германия басылымы 28 Панфиловшылардың ерлігін жоққа шығарды

Жаңа өнімін таныстырған Apple 43 млрд доллар көлемінде шығынға ұшырады

Талқылау