АҚШ-та дәрігерлер екінші рет шошқаның жүрегін адамға салды
АҚШ-тың Мэриленд университетінде екінші рет генетикалық түрлендірілген шошқа жүрегін адамға салды. Отадан кейін 58 жастағы Лоуренс Фосетт арнайы құрылғысыз өздігінен демала алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

DW басылымының мәліметінше бұған дейінгі жүрек-қан-тамыры ауруының кесірінен дәрігерлер адамның жүрегін салуға болмайды деген шешім шығарған.
"Соңғы үміт шошқаның жүрегінде еді. Ал қазір өмір сүруге мүмкіндігім бар", – деді ол ота алдында.
Жүрегін ауыстырған соң науқас арнайы препараттар мен антиденелер ішуі керек.
Бұған дейін осындай ота 2022 жылы жасалған еді. 57 жастағы Дэвид Беннет отадан кейін 2 ай өткен соң көз жұмған.
Аптап ыстық 450 мың адамның өмірін қиюы мүмкін: Эль-Ниньо Қазақстанға қалай әсер етеді?
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
"Бұрын мен басқа адам болғанмын": Балалар өткен өмірі жайлы неге көп айтады, шынымен өткен өмір бар ма?
Әлеуметтік желідегі ата-аналардың арасында да мұндай оқиғасын бөліскендер бар