AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та 6 айдан 5 жасқа дейінгі балаларға Pfizer вакцинасын салмақ

АҚШ-та 6 айдан 5 жасқа дейінгі балаларға коронавирусқа қарсы егуді бастауды жоспарлап отыр. Иммунизация үшін Pfizer препараты қолданылады. Вакцинация ақпан айының соңында басталады деп күтілуде, деп хабарлады Covid-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, Палестина Батыс жағалаудағы барлық мектептерде күндізгі сабақтарды тоқтатты. Шешім ковид ауруының өсуіне байланысты қабылданды және ол 12 ақпанға дейін жалғасады. Елдің денсаулық сақтау министрлігі "Батыс жағалау мен Газа секторында бұрын-соңды болмаған аурушаңдық тіркеліп,  жағдайдың ушығуы тағы бірнеше күн жалғасады" деп атап өтті.

Бірқатар елде коронавируспен ауыратындардың тәуліктік өсуі бойынша антирекордтар тіркелді: Түркияда — 102 601, Оңтүстік Кореяда — 20 270, Словакияда-20 224.



Ал Қазақстанда өткен тәулікте 7 мыңнан аса адам коронавирус жұқтырып, 16 мыңнан аса адам жазылып шықты. Қазіргі уақытта Түркістан облысы қауіпсіздік деңгейі бойынша "жасыл" аймақта болса, Шымкент қаласы, Қызылорда және Маңғыстау облыстары "сары аймақта. Ал Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары, сондай-ақ, қалған 11 облыс "қызыл" аймақта тұр.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр