Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар коронавирусқа қарсы "супериммунитет" қалыптастырудың жолын айтты

АҚШ-тағы Орегона университетінің ғалымдары коронавирусқа қарсы "супериммунитет" қалыптастырудың жолын айтты. Бұл туралы Business Insider басылымы жазды. деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Зерттеу нәтижесі бойынша, COVID-19-дың омикрон штамымен ауырған адамдардың вакцина салдырғаннан кейін, вирустың басқа түрлеріне қарсы төзімділігі жоғарылаған. Осылайша дельта штаммы таралып жатқан уақытта ауырған адамдар Pfizer екпесін екінші рет салдырған науқастарға қарағанда мың пайызға артық қорғанысқа ие болды. Ғалымдардың пайымынша, ауырғандар "қалыпты иммунитетке", ал екпе салдырғандар "супериммунитетке" ие болады. 

"Анти денелердің деңгейі ғана емес, вирустың түрлі нұсқаларының бейтараптандыру деңгейі артады", – деді зерттеу авторларының бірі Фикаду Тафессе.



Бұған дейін америкалық дәрігер Ашиш Джа кей науқастардың иммунитетке ие болу үшін әдейілеп омикрон жұқтырып жатқанын айтқан еді. Маман COVID-19-дың қауіптілігін жете бағаламауға болмайтынын ескертті. 

“Екі апта ауруханада жұмыс істеп, қазір шықтым. Омикрон-штамды жұқтырып, қатты ауырған көптеген адамдарды көрдім. Дельтадан қарағанда өлім аз екенін білемін, дегенмен ол да қауіпті", –  деді дәрігер. 
 

Талқылау