AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Коронавирус өкпеге ену қасиетінен айырылды

Бірнеше рет мутацияға ұшыраған коронавирус өкпеге ену қасиетінен айырылды. Ол енді жоғарғы тыныс алу жолдарын ғана зақымдай алады. Бұл туралы Роспотребнадзор басшысы Анна Попова мәлімдеді, деп хабарлады РИА Новости.

Қазір адамдар арасында кеңінен тарап жатқан "омикрон" штаммын ағза жеңіл өткереді. Себебі ол жоғарғы тыныс алу жолдарын ғана зақымдайды. 

Айтуынша, әртүрлі ел ғалымдары вирустың үнемі өзгеріске ұшырайтынын бірауыздан растайды. 

"Вирус адам ағзасына бейімделудің ең тиімді жолын іздейді. Сол форманы, аминқышқылды құрамды іздеу барысында вирус өзінің бір рецепторын жоғалтып алды. Ол вирустың өкпе тініне кіруіне мүмкіндік беретін еді", – деді Попова. 



Попованың айтуынша, омикрон вирустың бұрын таралған ауыр түрлерін қоздырмайды. Ол тыныс алу жолдарына өтіп, трахеитке, ал балаларды бронхитке шалдықтырады. 

Роспотребнадзор басшысының айтуынша, аурудан кейін қандай асқынулар болуы мүмкін екені белгісіз. Себебі жаңа штаммның пайда болғанына көп болған жоқ. Сондықтан да ол барынша сақтанып жүруге кеңес берді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр