AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БАҚ: АҚШ әскерилерін Өзбекстанда орналастыру туралы келіссөздер жүргізуде

Пентагон өкілдері осы айда Өзбекстанға барып, контртеррористік күштерін ел аумағында орналастыру мүмкіндігін талқылауды жоспарлаған. Бұл Ауғанстандағы экстремистерге тұрақты соққы жасауға бағытталған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Politico басылымына сілтеме жасап. 

АҚШ

Сапардың негізгі мақсаты Өзбекстан аумағында АҚШ-тың контртеррористік күштерін орналастыруды тақлқылау болмақ. Бұл экстремистерді оңай бақылауға және нысаналарға соққы жасауға жол ашады. Алайда Өзбекстанға келетін делегация құрамы әлі хабарланбаған. 

Басылымның дерегінше, Вашингтон әкімшілігі "Талибан" қозғалысына көрші Өзбекстан және өзге де елдермен бірнеше айдан бері келіссөз жүргізіп келген. Пентагон және Мемлекеттік департамент Politico жариялаған мақалаға әлі жауап бермеді. 

Сонымен қатар Өзбекстанда америкалық заң өкілдерінің екі делегациясы болғаны айтылады. Делегация құрамында когрессмен Дон Бэкон Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев оған ерекше әсер қалдырғаны және елдің болашақта "адамзат құқығын қорғайтын демократиялық мемлекетке" айналуы мүмкін екенін айтқан. 

"Менің ойымша, олар реформаның дұрыс жолында. Дегенмен. әлі көп нәрсені жасау керек", – деп қосты Бэкон. 

Басылым делегация сапары кезінде нақты қандай мәселенің талқылағанын жазбаған. Әрі Өзбекстан АҚШ қарулы күштерінің Ауғанстаннан шығарылған уақытынан бастап сыртқы істер саясатында жоғарғы басымдыққа ие болған. 

"Лаңкестердің тұрағына айналған бұл аймаққа жақын орналасқан "досымыздың" болуы стратегиялық және тактикалық тұрғыдан маңызды", – деп мәлімдеді конгрессмен Август Пфлюгер.


 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр