Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ коронавирустың Уханьдағы ауруханадан тарағаны туралы нақты деректер келтірді

Қытайдағы Ухань вирусология институтының үш зерттеушісі 2019 жылдың қараша айында қатты ауырып, дәрігерге жүгінген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі The Wall Street Journal басылымына сілтеме жасап.

Бұған дейін Қытайдағы вирусология институтының үш зерттеушісі 2019 жылдың қараша айында қатты ауырып қалғаны соншалық, медициналық көмекке жүгінуге мәжбүр болғаны белгілі болды. Кейбір мәліметтерге сүйенсек ғалымдардың бойында коронавирус және маусымдық тұмау белгілері байқалған.

Қытай сыртқы істер министрлігі 2019 жылы Уханьдағы зерттеушілердің коронавирусқа ұқсас белгілері бойынша жұмбақ ауру туралы хабарламаларына жауап берді. 

Сыртқы істер министрлігі The Wall Street Journal баспасынан шыққан Ухань вирусология институты қызметкерлерінің ауруы туралы тергеу нәтижелері шындыққа сәйкес келмейді деп мәлімдеді. Сыртқы істер министрлігі 2021 жылы 23 наурызда жарияланған есеп бойынша институт 2019 жылдың 30 желтоқсанына дейін коронавирустық инфекциямен жұмыс істемегенін және бірде-бір қызметкер вирус жұқтырмағанын айтты.


Талқылау