Дәрігерлер бойжеткенге коронавирусқа қарсы вакцинаның 6 дозасын салып жіберген
Итальяндық аруға байқаусызда Pfizer және BioNTech компаниялары әзірлеген коронавирусқа қарсы вакцинаның алты дозасы салынған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентті Medical Xpress-ке сілтеме жасап.

Масса-Каррара провинциясында 23 жастағы ару ауруханаға вакцина алуға келген. Медбике қателесіп науқасқа толық алты дозалы ампуланы енгізіп жіберген. Сонымен қатар, өндірушінің ақпараты бойынша, төрт дозада немесе одан көп мөлшерде препарат енгізілсе, бұл адамға кері әсер етуі мүмкін.
Вакцина салынғаннан кейін науқас бас ауруына, тез шаршағыштыққа және қолдың ауырсынуына шағымданды. Қазір ол дәрігерлердің қадағалауында. Науқас ауруханаға жатқызылды. Қазір оның жағдайы қалыпты. Ол қателік жіберген медбикені сотқа бермейтінін айтты.
Дүниежүзілік көшпенділер ойыны кезінде жылқының жағдайы көпшіліктің ашуын туғызды
Көкпар федерациясы "жылқының аузы шабандоздың әрекетінен қанады" деген ақпаратты жоққа шығарды
Қазақстанда әскерге шақыру кезінде көшеден ұстап әкетуге бола ма: Ер азаматтар нені білу керек
Елорда тұрғыны әскерге шақыру комиссиясының жұмысына шағымданды