Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ Капитолийіне шабуыл кезінде көз жұмғандардың саны өсті

Вашингтондағы тәртіпсіздіктер нәтижесінде көз жұмған америкалықтардың саны беске жетті. Капитолия полициясында қызметі барысында оққа ұшып, мерт болған офицер жайлы хабарлады. Бұл туралы ведомствоның ресми сайтында мәлімделді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бастапқыда полиция қызметкерінің өлімі жайлы CNN арнасы хабарлады, алайда кейін құқық қорғау органдары ақпараттың жалған екенін мәлімдеді. Марқұм офицер наразылық барысында Американың астанасында көз жұмған бесінші адам болды. 

Қайтыс болғандардың арасында: Эшли Бэбитт, АҚШ Әскери әуе күштерінің ардагері, ол Капитолий ғимаратында кеудесінен оқ  алып, ауруханада көз жұмды. Күйеуінің айтуынша, ол АҚШ Әскери әуе күштерінде 14 жыл қызмет еткенін және жоғары дәрежелі қауіпсіздік қызметкері болған. Наразылықтардың тағы бір құрбаны — президент Дональд Трампты қолдау "Trumparoo" сайтынының авторы. 50 жастағы Бенджамин Филипс митингке Пенсильваниядан келіп, Трамптың бірнеше ондаған жақтастарын Америка астанасына ертіп келген.

6 қаңтарда республикалық наразылық білдірушілер Капитолий ғимаратына кіріп, Сенат залын қоршап алды. Сенат пен Өкілдер палатасы өткен сайлаудың нәтижелерін бекіту жоспарланған отырысты тоқтатты. Мәліметтерге сәйкес, президент сайлауында демократ Джо Байден жеңіске жетті. Наразылықтар барысында полиция  70-ке жуық тәртіпсіздік қатысушыларын ұстады.

Айта кетейік, Дональд Трамптың жақтастары АҚШ Конгресі президент сайлауының нәтижелерін растап бір күн бұрын жаппай наразылық акцияларын өткізді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр