Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"АҚШ билігінің "Борат-2" түсіріліміне қатысы жоқ: Америкалық елші алматылықтардың петициясына жауап берді

Алматыда орналасқан АҚШ бас консулдығы "Борат-2" фильміне қарсы азаматтардың өтінішіне жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Консулдің хабарлауынша, 23 қазанда "Борат-2" фильмінің шығуына қарсы наразылық білдірушілер тобынан петиция түскен.

"АҚШ үкіметі бұл фильмді қаржыландыруға, түсіруге немесе жалға беруге ешқандай қатысы жоқ. Өз ойын білдіруге және бейбіт жиындарға АҚШ конституциясы кепілдік береді. Бұл АҚШ үшін де, Қазақстан үшін де негізгі құндылық болып табылады. Біз азаматтардың өз ойларын бейбіт түрде білдіруін қолдаймыз. Дәл осы қасиет біздің елдерімізді мықты етеді", - делінген хабарламада.

"АҚШ-тың Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Уильям Мозер айтқандай, АҚШ пен Қазақстан арасындағы қарым-қатынас - Штаттарда оқып, жұмыс істейтін көптеген қазақстандықтардың, сондай-ақ Қазақстанның бай мәдениеті мен дәстүрлерімен танысуға мүмкіндік алған көптеген американдықтардың тәжірибесі", - деп қосты дипломатиялық миссия.

Еске салсақ, АҚШ бас консулдығы ғимаратының алдына алматылықтар "Борат-2" фильміне қарсы петиция өткізген еді. 

Талқылау