АҚШ алдағы 48 сағат ішінде Иранның мүмкін шабуылына дайындалып жатыр – NBC News

Фото: depositphotos.com
NBC News арнасының Пентагондағы екі дереккөзі мен Ақ үйдің жоғары лауазымды өкілі хабарлағандай, Дональд Трамп әкімшілігі Иран тарапынан жасалуы мүмкін қарымта соққыға дайындалуда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алдағы 48 сағат ерекше алаңдаушылық туғызып отыр.
Ақпарат көздерінің айтуынша, Иранның АҚШ-тың ядролық нысандарға жасаған әуе шабуылына жауап берері әзірге нақты емес. Қарымта соққы АҚШ-тың шетелдегі немесе ішкі инфрақұрылымдарына, не болмаса екеуіне бірдей бағытталуы мүмкін.
Соңғы бірнеше ай бойы АҚШ-тың шетелдік әскери базалары жоғары жауынгерлік дайындық режимінде жұмыс істеп келген. Алайда, дереккөздердің сөзінше, 13 маусымда Израиль мен Иран арасында соғыс басталғаннан кейін, Вашингтонда шабуыл қаупіне қатысты алаңдаушылық бұрынғыдан да күшейе түскен.
Еске салайық, Иран АҚШ соққы жасағанға дейін ядролық нысанды эвакуациялап үлгергенін мәлімдеген еді.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған