Ақпарат министрі: Ешкімге жеңілдік жасамаймыз

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев ЕАЭО елдерінен жеткізілген көліктерді тегін тіркеу ұсынысына пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Хабар" арнасына сілтеме жасап. 

«Қазақстанның барлық азаматтары көлік тіркеуі үшін ақша төлейді. Мұнда ешкімге жеңілдік берілмейді. Ішкі істер министрлігі зерттеу жүргізіп, бір адамның бірнеше көлік әкелгенін анықтады. Мысалы, Алматы облысының тұрғыны 70 көлік әкелген, Атырау облысының екі тұрғыны 80 көлік жеткізген. Мұны жекелеген жағдайлар деп айтуыңыз мүмкін. Бірақ, жалпы статистикада 500 қазақстандық 5 және одан көп көлік тасыған», - деді министр.

Сөзінше, өзге елден көлік әкелгендер  алғашқыда бұл әрекеттері заңсыз екендігін білген. Десек те соның өзінде олар алған беттерінен қайтпай, енді мемлекетті кінәлап отыр екен. 

«Мұндай көліктердің иелері жүйелі түрде жол ережесін бұзып келген. Шамамен 1 млрд теңгеге құқықбұзушылық тіркелген және оның 90% әлі төленген жоқ. BMW маркалы автокөлік иесі 450 рет ереже бұзған. Құдды бір әдейі жасайтындай. Бұл ретте маңызды шаралар қабылдау қажет. Әрине, үйде отырып сын айту, мемлекетті кінәлау оңай. Бірақ, сол жігіт қаншама кінәсіз адамдардың өмірін қиюы мүмкін еді», - деді Д. Абаев.

Еске салайық, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 24 қаңтар күні өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстанның заңнамасына сай келмейтін шетелдік көліктерді елге кіргізбеуді тапсырған еді. Бұған келіспеген щетелдік нөмірлері бар көлік жүргізушілері бірнеше қалаларда бас көтерген. 


 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда коронавируске қатысты заң шығарылды

Заң бойынша шетелдік азаматтар үш топқа бөліп қарастырылады екен

Таксист болып жүрген жеті баланың анасына көпшілік көмектесе бастаған (видео)

Даниал Ахметов коронавирус жайлы: Қытаймен шекаралас ауыл тұрғындарына қорқудың қажеті жоқ

Әкімнің айтуынша, шекара қатаң қадағалауда

Work and travel: Бағдарлама бойынша АҚШ-қа барып келген жастар тәжірибесімен бөлісті

Бағдарламаға қатысушы студент: Өз-өзіңе деген сенімділікті арттырады

Ұйқы қанбаудың қауіптілігі айтылды

Ұйқы жетіспеушілігі ағзада бірқатар ауру туғызуы мүмкін

Қазақстанда есірткі сатумен айналысқан сегіз сайт анықталды

Олардың қызметі заңға қайшы деп табылды

"Бәйтерек" холдингінің басшылығы жалақылары жайлы айтудан бас тартты

Ұйым басшысының орынбасары үкіметтің бекіткен жарлығын алға тартты

Алматы қаласының әкімі Қордайдағы қақтығыс жайлы: Базар басшылығын түн ортасында жинадық

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Қордайда болған қақтығыстарға байланысты мәлімдеме жасады

Денсаулығына байланысты Бақауов түрмеден үйқамаққа ауыстырылды

Оның денсаулығы күрт нашарлап кетті

Карантинге жабылған кемедегі қазақстандықтар қашан елге жеткізіледі

Оларды елге ұшақпен алып келу жоспарлануда екен
Çàãðóçêà...