Ақорда Путиннің Қазақстанға келетінін растады
9 қарашада президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Астанаға ресми сапармен Ресей президенті Владимир Путин келеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ақорда Путиннің келетінін растады.
Сапар аясында екі ел көшбасшыларының келіссөздерін өткізу жоспарланып отыр, онда Қазақстан – Ресей стратегиялық әріптестігінің өзекті мәселелері талқыланады.
Сонымен қатар президенттер бейнеконференцбайланыс режимінде Қостанайда өтетін Қазақстан мен Ресейдің XIX өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысады.
Еске салайық, бұған дейін Қостанай әкімдігі Владимир Путинді күтіп алу үшін 11 миллиард теңге жұмсайтыны туралы хабарлаған едік. Бастапқыда ХІХ Аймақаралық форумға Путин мен Тоқаев қатысады деп жоспарланған.
Қала әкімі Марат Жүндібаев “Наша Газета” басылымына форумға дайындық аясында Smart-орталық салынып, қаланың жарықтандыру жүйесі жөнделеді, саябақтың солтүстік бөлігіне жөндеу жүргізілетінін айтқан.
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды
"Ауруханаға өз аяғымен кіріп, табытпен шықты": Қызылордалық ер адам анасының өліміне дәрігерлерді айыптады
Іс бойынша реаниматолог, нейрохирург, кардиолог және учаскелік дәрігердің әрекеттеріне қатысты күдік бар