Қостанай әкімдігі Владимир Путинді күтіп алу үшін 11 миллиард теңге жұмсамақшы
Күзде Қостанай қаласында Ресей мен Қазақстанның ХІХ Аймақаралық форумы өтеді. Жиынға Ресей президенті Владимир Путин мен Қасым-Жомарт Тоқаев та қатысады деп күтіледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қала әкімдігі Аймақаралық форумға 11 миллиард теңге жұмсамақшы. Айтулы шараға орай дайындық қазірден басталып кеткен. Қазір қалада асфальт төселіп, ағаш егіліп жатыр екен.
Қала әкімі Марат Жүндібаев “Наша Газета” басылымына форумға дайындық аясында Smart-орталық салынып, қаланың жарықтандыру жүйесі жөнделеді, саябақтың солтүстік бөлігіне жөндеу жүргізілетінін айтқан. Сонымен қатар көшелер көгалдандырылып, аялдамалар орнатылады, тұрғын үйлерге жөндеу жүріп, субұрқақтар қалпына келтіріледі екен. Қаланы әрлеу жұмыстары жүргізіліп, үйлердің қасбеті жөнделеді. Бұдан бөлек Абая даңғылында орташа деңгейде жөндеу жүріп, Әуежай шағынауданы мен қаланың солтүстік-батыс бөлігі арасында жол салынады.
Баланы бұрышқа тұрғызу тәрбие ме, әлде психологиялық зорлық па
Тәрбиеші: Баланың әрқайсысының мінезі әртүрлі болғандықтан, олардың арасындағы жанжал мен төбелестің алдын алу оңай емес
Әйелімнен таяқ жедім деген қазақстандық ер адам әділдік іздеп жүр
Ержанның айтуынша, қызы есейген соң анасының жағына шығып, екеуі бірге өзіне қол көтеретін болған
