Ақмола облысында су басқан үйден әйел адамның денесі табылды
Ақмола облысы Сандықтау ауылының тұрғындарын көшіріп жатқан кезде суға кеткен үйлердің бірінен 59 жастағы әйелдің мүрдесі табылды деп хабарлады ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.
Фото: Варвара Гертье
Үй Жағалау көшесінде орналасқан. Ақмола облысы Сандықтау ауылында су басқан үйлердің бірінен табылған әйел тасқын судың салдарынан көз жұмған жоқ деп хабарлады Ақмола облыстық ішкі істер департаментінен.
16 сәуірде ауыл тұрғындарын көшіріп жатқан кезде суға кеткен үйлердің бірінен 59 жастағы әйелдің мүрдесі табылған болатын. Полиция әйелдің қазасы тасқын судың салдарынан болмағанын хабарлап отыр. “Сот-медициналық сараптама қорытындысы бойынша әйел жүрек ұстамасынан қайтыс болған. Әйелдің өлімі су тасқынымен байланысты емес”, — деп хабарлады полицейлер. Әйел өзі жалғыз тұрған әрі ішімдікке әуес болған екен.
Айта кетейік, Сандықтау ауылында Жабай өзенінде су деңгейі көтерілуінің салдарынан жеті үй мен ауланы су басты. 17 адам, оның ішінде 5 бала көшірілген. Елімізде су тасқыны жүруде. Ресми мәліметтерге сәйкес, 11 елді мекенде су үйлер мен аулаларды басып жатыр. Ақтөбеде су тасқыны салдарынан жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай жарияланды.
Тағы да оқыңыз:
Ақмолада тасқын су балалар мінген автобусты ағызып әкетті (видео)
Қарағандыда тісін емдетуге барған оқушы қыз ажал құшты
Түркістанда жас жұбайлар тойын оңалту орталығындағы балалармен бірге өткізді (фото)