Ақмола облысының тағы бір ауданында су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланды
Ақмола облысының Бұланды ауданында төтенше жағдай жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Аудан әкімі Ардақ Смайылов су тасқынына байланысты мәлімдеме жасап, өңірде төтенше жағдай жарияланғанын, табиғи апаттан келтірілген шығынды жоюмен айналысатын комиссия құрылғанын атап өтті.
"Бүгінгі таңда зардап шеккендерге материалдық көмек көрсету үшін барлық үйлерді комиссия тексеріп, келген шығын көлемін есептейтін болады", — деді Бұланды ауданының әкімі Ардақ Смайылов.
Әкімдік мәліметінше, су басқан үйлердегі барлық тұрғындар эвакуацияланған.
Еске салсақ, бұған дейін Ақмола облысындағы Атбасар қаласы су астында қалғаны туралы жазған едік.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
Темірден жасалған киіз үйлердің құны 200 мың теңгеден басталып, 750 мың теңгеге дейін барады
"АҚШ-та үлкен мейрамханаларды жалға аламыз": Шетелдегі қазақтар Наурыз мерекесін қалай тойлайды?
Наурыз қай жерде жүрсе де адамдарды біріктіретін, мәдени бірегейліктің маңызды символы