Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Орманда түнеген: Ақмола облысында жоғалып кеткен қарт ерлі-зайыпты табылды

Ақмола облысында орманда адасқан ерлі-зайыпты Баялиндер табылды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

20 қазанда түнгі он екі шамасында Қайыржан мен Алтынай Баялиннің ұлы полицияға жүгінгенін айтты. Айтуынша, ата-анасы көлікпен Қошқарбай ауылына келгенін, бірақ жолда дөңгелегі жарылып қалғанын айтты. 66 жастағы ер адам жаяулатып жол табамыз деп ойлаған. Сондықтан ерлі-зайыптылар көлікті тастап, жаяу жүре бастайды.

Бірақ қараңғыда жолдан адасып, ұлын көмекке шақырды. Ұлы тәртіп сақшыларына жүгінді.

Түні бойы іздестіру топтары аймақты және жақын маңдағы елді мекендерді аралап шықты. 140-тан астам адам зейнеткерлерді іздеді.

21 қазанда шамамен сағат 14.00-де ерлі-зайыптылар Бәйтерек ауылынан 25 шақырым жердегі орманнан табылды. 

Ерлі-зайыптылар түнде өте суық болғанын айтты. Жол іздеп, күйеуі екеуі шаршап қалған. Сонымен қатар Қайыржан Баржақсымұлы таяқтың көмегімен қозғалады. Отбасы полиция қызметкерлеріне және оларды іздеуге қатысқандардың барлығына алғыс айтты.

Талқылау