Ақмола облысында тасқын тіректерді шайып, ауыл жарықсыз қалды
Төтенше жағдайлар министрлігі Ақмола облысындағы су тасқынының ауқымын көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скриншот
Ақмола облысының Астрахань ауданында Колутон өзенінен су тасып, тасқын екі электр беру желісінің бағанын құлатты. Ягодное ауылы жарықсыз қалды.
Төтенше жағдайлар министрлігі оқиға орнынан видео жариялады. Кадрларда құтқару кеудешелерін киген құтқарушылардың су басқан аумақта жүзіп жүргені көрінеді.
"Төтенше жағдайлар министрлігі қызметкерлері электриктермен бірлесіп, қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді. Елді мекен электр жарығына қосылды", – делінген хабарламада.
Еске салсақ, Ақмола облысында су тасқынынан электр желісі бұзылып қалды.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар