Ақмола облысында подполковник есірткі таратқаны үшін сотталды
Ақмола облысында әскери сот подполковникті есірткі таратқаны үшін 9 жылға бас бостандығынан айырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay.com
Оны есірткіні қойып жатқанда ұстап алған екен.
"Сотталушы полиция подполковнигі М тұрғын үйдің терезелерінің темір торларына "гашиш майы" оралған есірткіні магнитпен бекітіп жатқан кезде полиция қызметкерлеріне ұсталған", – делінген әскери соттың хабарламасында.
Одан жалпы салмағы 23,62 грамм "гашиш майы" есірткі заты бар 34 колба мен жеті шприц тәркіленді.
"Сот үкімімен сотталушы Қылмыстық кодекстің 297-бабы “Есірткі құралдарын заңсыз өндіру, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, өткізу” бойынша 9 жылға бас бостандығынан айырылды", – деді сот.
Подполковник әскери атағынан айырылып, жәбірленушілерге өтемақы қорына 69 мың теңге төлеуге міндеттелді.
Баланы бұрышқа тұрғызу тәрбие ме, әлде психологиялық зорлық па
Тәрбиеші: Баланың әрқайсысының мінезі әртүрлі болғандықтан, олардың арасындағы жанжал мен төбелестің алдын алу оңай емес
Әйелімнен таяқ жедім деген қазақстандық ер адам әділдік іздеп жүр
Ержанның айтуынша, қызы есейген соң анасының жағына шығып, екеуі бірге өзіне қол көтеретін болған