Ақмола облысында медициналық қызметкер жалған вакцинация құжаттарын сатқан
Ақмола облысында медициналық қызметкер жалған вакцина паспортын таратқан деген күдікке ілінді. Қазір оның заңбұзушылыққа қатысы болу-болмауы анықталуда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Ағымдағы жылдың маусым айында полиция бөлімшелерінің біріне медициналық мекеменің басшысының арызы келіп түсті. Ол осы мекеменің медициналық қызметкері "Вакцинация" ақпараттық жүйесіне екпе салынғаны туралы жалған ақпарат енгізгенін хабарлады", – делінген полиция хабарламасында.
Оқиғаға қатысты 385 бабы "Жалған құжат дайындау" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Өзге де ақпарат тергеу құпиясы болып табылады.
Еске салсақ, бұған дейін қажылыққа аттанбақ болған қазақстандықтар жалған вакцинация құжатын жасатқаны айтылған еді.
Міндетті вакцинация қазақстандықтардың құқығын шектей ме? Әділет министрлігі түсіндірді
Баланы бұрышқа тұрғызу тәрбие ме, әлде психологиялық зорлық па
Тәрбиеші: Баланың әрқайсысының мінезі әртүрлі болғандықтан, олардың арасындағы жанжал мен төбелестің алдын алу оңай емес
Әйелімнен таяқ жедім деген қазақстандық ер адам әділдік іздеп жүр
Ержанның айтуынша, қызы есейген соң анасының жағына шығып, екеуі бірге өзіне қол көтеретін болған