Ақмола облысында ер адам психиатриялық ауруханадан қашып кетті
Ақмола облысында психиатриялық ауруханадан қашып кеткен 45 жастағы ер адам іздестіріліп жатыр. Ер адам іздеуге полиция департаментінің жеке құрамы жұмылдырылды. Бұл тураы Stan.kz ақпарат агенттігі 716.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Беспалый Константин Вячеславович, 1978 жылы дүниеге келген. Жақсы ауданы Қима ауылының тұрғыны. 14 желтоқсанда 18:30 шамасында ол мекемеден шығып кеткен. Аурухана дәрігері сол күні бірден полиция бөліміне хабар беріпті.
Айрықша белгілері: бойы 170-175 сантиметр, дене тұрқы арық, көзі қыли.
Сол күні үстіне көк түсті күрте, қара бас киім, қоңыр түсті етік киген.
"Полиция Беспалый К.В. есімді азаматтың қай жерде білетіндерге үндеу жолдап, ақпаратты келесі нөмірлерге хабарлап айтуға шақырады: 8716-32-2-12-02 немесе 102, ұялы телефон: 8771-371-41-02, 8705-625-54-93", - деді полиция өкілдері.
"Жарақатты үйде алдым деп айт": Жұмыс берушілер өндірістегі оқиғаны неге жасырады және қызметкер не істеуі керек
Жарақат алған жұмысшының құқығын қорғаудың қандай жолдары бар екенін заңгер айтты
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан