Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында әріптестері жоғалып кетті деп іздеген қыз тұрмысқа шыққан

Көкшетаулық 21 жастағы қызды өңірдегі полицейлер мен әріптестері іздестірген. Артынша жас қызды алып қашып кеткені белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pexels

Ақмола облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 22 сәуірде мектепте педагогикалық тәжірибеден өтіп жүрген жас мұғалімнің із-түссіз жоғалып кеткені туралы хабарлама түскен. Бұл туралы оның әріптестері айтып, дабыл қаққан.

"Қыз бір күн бұрын кешке болашақ күйеуі туыстарын ата-анасының үйіне жібермек ниеті болғанын айтты, ол асығыс жолға шығып, әріптестеріне хабарлауға тырысқан. Жолда ұялы байланыстан проблема болғандықтан, ол байланысқа шыға алмаған", – делінген полиция хабарламасында.



Бұдан бөлек жас мұғалімге қатысты ешқандай қылмыс пен құқық бұзушылық тіркелмегені айтылды.

Еске салайық, 2024 жылы 1 ақпан күні Шымкентте қызды алып қашу дерегі бойынша ер адам ұсталғанын жазған едік. Шымкент прокуратурасының мәліметінше, 2024 жылдың 16 қаңтарында қаладағы полициясының кезекші бөліміне М.А. есімді азаматша қызын үйлену мақсатында белгісіз ер азаматтың ұрлап кеткені туралы хабарлаған.

Талқылау