Ақмола облысында 4 мина табылды
"Қару" жедел алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде ақмолалық полицейлер өңір аумағынан табылған миналарды залалсыздандырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қазба жұмыстары жүргізіліп жатқан бұрынғы әскери нүктенің аумағында учаскелік инспектор әскери минаға ұқсас цилиндр пішінді металл заттарды тапты. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы, Ақмола облысы ПД оқу-жаттығу взводының қызметкерлері шақырылды. Снарядтарды анықтау аумағы дереу қоршалды. Тексеру барысында мамандар баллистикалық зымырандарға арналған ескі шахталардан КСРО-ның танкке қарсы төрт минасын анықтады. Жалпы, миналар өте тозған, таттанған және механикалық істен шыққан", - деді ведомстводан.
Алайда, мұқият тексеру кезінде екі минадан жарылғыш зат табылып, оларды тасымалдау қауіп туғызды. Сол себепті, бұл миналар сол жерде залалсыздандырылды. Тағы екі снаряд әрі қарай сараптамалық зерттеуге жіберілді.
"Тарифтер өсіп, мобильді аударымдарға бақылау күшейеді": 1 сәуірден бастап Қазақстанда не өзгереді