Ақмола облысында 33 жастағы келіншек үшем дүниеге әкелді
Шортанды ауданының Октябрьское ауылында тұратын 33 жастағы Аида Караян үшем дүниеге әкелді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Жаңа туған нәрестелердің есімін ата-анасы Амина, Мәдина және Рамина деп қойды. Николай мен Аиданың бұдан басқа үш жасар Дмитрий есімді ұлы бар", - дейді Шортанды ауданы әкімдігінен.
Дәрігерлердің айтуынша, әйелдің жүктілігі қалыпты болған, балалар жүктіліктің 32-ші аптасында 2195,1951 және 1798 грамм салмақпен дүниеге келген.
"Бұл - Шортанды ауданында үшем дүниеге келіп отырған екінші жағдай. 2021 жылдың тамызында Степное ауылының тұрғыны да үшем туған болатын", - деп толықтырды аудан әкімдігінен.
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”