Әкімдер Тоқаевқа өңірлердегі коронавирус жағдайы туралы есеп берді
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа әкімдер Нұр-Сұлтан мен өңірлердегі коронавирустық инфекцияның жағдайы туралы есеп берді. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының, қалаларының әкімдері аймақтардағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы айтып берді", - деп жазды Берік Уәли.
Коронавирус ауруының төмендеуі байқалады, емделген науқастардың саны өсуде. Жалпы, жағдай тұрақтануда. Төсек пен дәрілік заттардың қоры құрылды.
Президент бұл міндетті басымдық ретінде қарастырып, жағдайды қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.
Тоқаев карантиндік шаралардың сақталуы маңызды екенін атап өтіп, азаматтарға түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізуді тапсырды.
Талқылау