Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ақыл басыңда, бақыт жаныңда": Айкерім Қалаубаеваның қызына арналған жазбасы көпті ойландырды

Танымал әнші Айкерім Қалаубаева қызына арнап жазба жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: https://www.instagram.com/aikerim_kalaubaeva_official/

Өнер иесі Айсұлтан мен Айдана есімді ұлды тәрбиелеп отыр. 

“Есіңде сақта, қызым! Ақыл басыңда болса, бақыт жаныңда болады. Ақыл адамды азаптан да, мазақтан да құтқарады! “Сәлеметсіз бе!”, “Кешіріңіз!”, “Рахмет!”, “Сау болыңыз!”, “Ин ша Алла”, “Алла қаласа”, “Салем айтыңыз!”, “Рұқсат па?” және тағы басқа сөздерді күнделікті өмірде орнымен қолдана біл! Амандаса білу, əсірелеп сөйлемеу, кешірімді жəне сыпайы болу қыздың бар болмысы болуы керек!”, – деп жазды әнші. 



Желі қолданушылары өнер иесінің жазбасына ризашылық білдіріп, балаларының үлкен азамат болуын тілеп жатыр.

“Анасынан аумай қалыпты”, “Ұлың келін əкеп қызың күйеуі бала əкеп қуантсын”, “Қызым сені өте тәртіпті, ибалы, мейірімі мен адамгершілігі бірге жүретін ақылды қыз, аяулы жар, ардақты ана ретінде елестетем”, “Өнеріңе тəнтімін, ісіңді айтып биіңді билеп, құрметке бөленіп жүргейсің”, “Қызыңыз ақылды, мейірімді, ғұмырлы болсын!”, – деп жазды оқырман қауым. 

Айта кетейік, "Жұлдызды жұптардың қатарын толтырамыз" деп Нұрлан Әлімжанов өнердегі әріптесі Айкерім Қалаубаевамен не байланыстыратынын жасырмаған еді. 

Талқылау