"Әкеміз үйде": Тәртіпсіздіктен кейін үйіне оралған полицейдің видеосы елдің жүрегін елжіретті
Павлодар облысында күшейтілген жұмыс режимінен кейін үйіне оралған полицейдің әсерлі видеосы жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Бүгін заң қызметкерлері үйлеріне оралды. Успенский аудандық әкімшілік полициясының басшысы Александр Семенченконың отбасымен қауышқан сәті видеоға түсіп қалды. Кадрда полицейдің үш бірдей перзенті үйге аман-есен оралған әкелерінің мойнына асылып, құшақ жая қарсы алады.
"Дәл осындай сәттер бізге күш, халықтың тыныштығы мен қауіпсіздігін күзетуге ынталантырады. Әр адам үйіне, өзін күтіп отырған әрі жақсы көретін отбасына оралсын", - деді полицей.
Айта кетейік, Успенский ауданының полиция қызметкерлері бүлікшілерге қарсы күресу үшін әрі аймақ халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Екібастұзға жіберілген еді.
Екі күнде үш рет төтенше жағдайда қонды: Авиация сарапшысы қыс мезгілінде ұшудың қаншалық қауіпті екенін айтты