Алматы әкімдігі 4 жасар қыздары қайтыс болған отбасыға 3 бөлмелі пәтер береді
Алматы әкімі тәртіпсіздіктер кезінде қаза тапқан 4 жасар қыздың отбасымен кездесті. Бақытжан Сағынтаев көп балалы отбасыға пәтер берумен қатар, қаржылай көмек көрсетуге уәде берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қыздары - төрт жасар Айкөркем Мелдехан қайтыс болған көп балалы отбасымен кездесті.
"Қала әкімі қыздың әкесі Айдос Мелдіханұлы мен анасы Динара Әбдімоваға орны толмас қазаға байланысты көңіл айтты", - делінген әкімдік баспасөз қызметінің мәліметінде.
- Алматыда қарақшылар "қазақша хип-хоптың атасына" оқ атып өлтірді: Жұбайы желіде жазба жариялады
- Талдықорғанда бір отбасыны түгелдей комменданттық сағат кезінде атып өлтірген
Әкімдік Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде төрт жасар Айкөркемнің қайтыс болғанын, ал оның 15 жастағы әпкесі Жанель алған жарақатпен жансақтау бөлімінде жатқанын еске салды.
"Бақытжан Сағынтаев Жанелдің сауығып кетуін тілеп, қыздардың ата-анасын берік және мықты болуға шақырды", - деп қосты әкімдік.
Айта кетейік, бұған дейін Алматылықтар Сағынтаевтың отставкаға кетуін талап етіп, петиция жариялаған болатын.
Алматыда 7 жастағы баланы сарышаян шағып алған: Ауруханада оған қарсы вакцина табылмады
Алматы қаласында мектеп оқушысын сарышаян шағып алды.
Канье Уэсттің концертіне 280 мың теңгеге билет алған қазақстандық кейін арзан билеттердің пайда болғанына наразы
Freedom Афиша: "280 мың теңгенің бөлек баға санатына кіреді, ал 120 мың теңге – трибунадағы басқа жерде орналасқан орындардың баға санаты"